Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Нарықтық мөлшерлемеден төмен пайызбен: 2025 жылы әкімдік арқылы қалай баспана алуға болады

Қазақстанда жылдық 5-6% мөлшерлемемен және бар болғаны 10% бастапқы жарнамен ипотека рәсімдеуге болады. Алайда, өңірлік жеңілдетілген ипотека бағдарламалары жыл бойы қолжетімді емес – өтінім қабылдау басталғанын әкімдіктер алдын ала хабарлайды, әрі әр аймақтағы талаптар өзгеше болуы мүмкін, деп хабарлайды newsroom.kz

Нарықтық мөлшерлемеден төмен пайызбен: 2025 жылы әкімдік арқылы қалай баспана алуға болады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның әр өңірінде қандай ипотекалық бағдарламалар бар және жеңілдетілген шарттармен баспана алуға кімдер мүмкіндігі бар – осы материалда баяндалады.

№1. "Елорда жастары"
Қаласы: Астана
Шарттары:

Пайыздық мөлшерлеме – жылына 5%.

Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының кемінде 10%.

Несие сомасы – 18 млн теңгеге дейін.

Өтеу мерзімі – 19 жыл.

Кімдер қатыса алады:
35 жасқа дейінгі білім, медицина, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала, ғылым, БАҚ, өндіріс салаларында жұмыс істейтін жас мамандар.

№2. "Алматы жастары"
Қаласы: Алматы
Шарттары:

Пайыздық мөлшерлеме – 5%.

Бастапқы жарна – 10%.

Несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін.

Өтеу мерзімі – 19 жыл.

Кімдер қатыса алады:
Алматыда ресми жұмыс істейтін, 18-35 жас аралығындағы жастар (білім, медицина, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, БАҚ, ғылым, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік қызмет және өндіріс салалары бойынша).

№3. "Qamqor"
Қаласы: Шымкент
Шарттары:

Пайыздық мөлшерлеме – 6%.

Бастапқы жарна – 10%.

Несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін.

Өтеу мерзімі – 19 жыл.

Кімдер қатыса алады:
63 жасқа дейінгі Шымкент қаласының тұрақты тұрғылықты тұрғындары, ресми жұмысы бар азаматтар.

№4. "Алатау жастары"
Өңірі: Алматы облысы
Шарттары:

Пайыздық мөлшерлеме – 6%.

Бастапқы жарна – 10%.

Несие сомасы – 18 млн теңгеге дейін.

Өтеу мерзімі – 19 жыл.

Кімдер қатыса алады:
18-35 жас аралығындағы, соңғы 5 жылда меншік құқығында тұрғын үйі болмаған, Алматы облысында ресми еңбек өтілі бар жас мамандар.

№5. "Маңғыстау жастары"
Өңірі: Маңғыстау облысы
Шарттары:

Пайыздық мөлшерлеме – 6%.

Бастапқы жарна – 10%.

Несие сомасы – Актауда 15 млн теңгеге дейін, басқа елдімекендерде 10 млн теңгеге дейін.

Өтеу мерзімі – 19 жыл.

Кімдер қатыса алады:
Маңғыстау облысында кемінде екі жыл тұрақты тіркеуде тұрған, 18-35 жас аралығындағы жас мамандар.

№6. "Атырау аудан жастары" және "Атырау қала жастары"
Өңірі: Атырау облысы
Шарттары:

Пайыздық мөлшерлеме – 6%.

Бастапқы жарна – 10%.

"Атырау қала жастары" бойынша несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін,

"Атырау аудан жастары" бойынша – 15 млн теңгеге дейін.

Өтеу мерзімі – 19 жыл.

Кімдер қатыса алады:
Атырау облысында ресми еңбек өтілі бар, 18-35 жас аралығындағы, баспанасы жоқ жас мамандар.

№7. "Жайық жастары"
Өңірі: Батыс Қазақстан облысы
Шарттары:

Пайыздық мөлшерлеме – 5%.

Бастапқы жарна – 10%.

Несие сомасы – 18 млн теңгеге дейін.

Өтеу мерзімі – 19 жыл.

Кімдер қатыса алады:
ЗКО-да кемінде бір жыл тұрақты тіркеуде тұрған, 21-35 жас аралығындағы жас мамандар.

№8. "Абай жастары"
Өңірі: Абай облысы (Семей қаласы)
Шарттары:

Пайыздық мөлшерлеме – 6%.

Бастапқы жарна – 10%.

Несие сомасы – 15 млн теңгеге дейін.

Өтеу мерзімі – 19 жыл.

Кімдер қатыса алады:
18-35 жас аралығындағы, соңғы бес жылда тұрғын үйі болмаған жас мамандар.

№9. "Сыр жастары"
Өңірі: Қызылорда облысы
Шарттары:

Пайыздық мөлшерлеме – 6%.

Бастапқы жарна – 10%.

Несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін.

Өтеу мерзімі – 19 жыл.

Кімдер қатыса алады:
Қызылорда облысында соңғы екі жыл тұрақты тіркелген, 18-35 жас аралығындағы жас мамандар.

№10. "Костанай жастары"
Өңірі: Қостанай облысы
Шарттары:

Пайыздық мөлшерлеме – 6%.

Бастапқы жарна – 10%.

Несие сомасы – Қостанай қаласында 18 млн теңгеге дейін, аудандарда 15 млн теңгеге дейін.

Өтеу мерзімі – 19 жыл.

Кімдер қатыса алады:
Қостанай облысында тіркелген және 18-34 жас аралығындағы жас мамандар.

№11. Әулиеата жастары

Бағдарламаға Жамбыл облысында тұратын барлық азаматтар қатыса алады. Бастапқы және қайталама нарықтан, сондай-ақ құрылысы жүріп жатқан нысандардан ("Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ кепілдігі болған жағдайда) баспана сатып алуға мүмкіндік беріледі.

Шарттары:

пайыздық мөлшерлеме – жылдық 6%;

бастапқы жарна – 10%-дан бастап;

несие сомасы – 15 млн теңгеге дейін;

өтеу мерзімі – 19 жыл;

қатысу аймағы – Жамбыл облысы.

Кімдер қатыса алады:

соңғы бес жылда өз атында баспанасы болмаған 35 жасқа дейінгі жас мамандар;

Жамбыл облысында кемінде үш жыл тұрақты тіркеуде болуы тиіс;

білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, журналистика немесе дін саласында кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет;

"Отбасы банк" АҚ-да бастапқы жарна көлеміне сай депозит болуы керек.

Өтінім қабылдау белгіленген мерзімде өтеді, ол туралы алдын ала хабарланады. Өтінім бергеннен кейін қатысушылардың төлем қабілеті "Отбасы банк" АҚ арқылы тексеріледі. Бағдарламаға қатысу барысында заңды некеде болуы немесе балалардың бар-жоғын растайтын құжаттар ескеріледі.

№12. Ulytau zhastary

"Ulytau Zhastary" – Улытау облысында "Отбасы банкпен" бірлесіп жүзеге асырылатын жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама.

Шарттары:

пайыздық мөлшерлеме – жылдық 6%;

бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%-нан бастап;

несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін;

өтеу мерзімі – 19 жыл;

қатысу аймағы – Улытау облысы.

Кімдер қатыса алады:

соңғы бес жылда өз атында баспанасы болмаған 35 жасқа дейінгі жас мамандар;

Улытау облысында тұрақты тіркеуде болуы тиіс;

білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, БАҚ, ауыл шаруашылығы, ТКШ және басқа салаларда кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.

Өтінімдер қабылдау уақыты алдын ала хабарланады. Үміткерлердің өтінімдері жұмыс өтілі, отбасылық жағдай және басқа критерийлерге негізделген балдық жүйе бойынша бағаланады.

№13. Қарағанды жастары

"Қарағанды жастары" – "Отбасы банкпен" бірлесіп жүзеге асырылатын аймақтық ипотекалық бағдарлама. Жұмыс істейтін жастарға бастапқы немесе қайталама нарықтан баспана сатып алуға мүмкіндік береді.

Шарттары:

пайыздық мөлшерлеме – жылдық 6%;

бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%-нан бастап;

несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін;

өтеу мерзімі – 19 жыл;

қатысу аймағы – Қарағанды қаласы.

Кімдер қатыса алады:

соңғы бес жылда өз атында баспанасы болмаған 35 жасқа дейінгі жас мамандар;

білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, БАҚ, ауыл шаруашылығы, ТКШ және басқа салаларда кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.

Өтінім қабылдау мерзімі туралы әкімдік хабарлайды. Бастапқы және қайталама нарықтан баспана таңдауға болады. Үміткерлердің өтінімдері балдық жүйе арқылы бағаланады (еңбек өтілі, отбасылық жағдай және әлеуметтік факторлар ескеріледі).

№14. Ақтөбе жастары

"Ақтөбе жастары" – мемлекет қолдауымен нарықтағыдан төмен пайызбен берілетін баспана алу несиесі. Бағдарлама "Отбасы банкпен" бірлесіп іске асырылады.

Шарттары:

пайыздық мөлшерлеме – жылдық 6%;

бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%-нан бастап;

несие сомасы – 16 млн теңгеге дейін (баспана бағасы шектелмеген, айырмашылықты қатысушы өзі төлейді);

өтеу мерзімі – 19 жыл;

қатысу аймағы – Ақтөбе облысы.

Кімдер қатыса алады:

соңғы бес жылда өз атында баспанасы болмаған 34 жасқа дейінгі жас мамандар;

білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, БАҚ, ауыл шаруашылығы, ТКШ және басқа салаларда кемінде алты айлық (міндетті зейнетақы аударымымен) еңбек өтілі болуы тиіс.

Туыстарынан баспана сатып алуға болмайды.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату