Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Танымал депутат тіл туралы танымды пікір жазды

Депутат Нұртаза Самат тілге қатысты Facebook парақшасында пікір жазды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Танымал депутат тіл туралы танымды пікір жазды
Фото: ҚазАқпарат

"Президенттің тіл туралы сөзіне реакция білдіріп жатқандар өте көп екен. Біз де өз пікірімізді айта кетейік. 

Президент “қазақша сөйлеме” деген жоқ, президент “қазақша сөйле!” деп дікіңдеме деді. Еліңіз бен қоғамыңызды заманауи әрі зайырлы қылып көрсету үшін, Қазақстан - тартымды елге айналу керек. Қазақстанда адамдар қазақ тілін мәжбүрлі түрде емес, саналы түрде, өз ынтасымен, өз зауқымен үйренгенде жеңіске жетеміз.

Шыдамдылық жоқ қоғамда, Сабыр жоқ. Ашуға салынып бір сәт белден басуға бейім, ал ол істің немен оралатынында шатағы жоқ. Айтсаң - қорқақ атанасың, сабырға шақырсаң - су жүрек атанасың.

Президенттің бүкіл айтқан игі сөздері мен нақты ойларын сырып тастап, тек тілге жабысқандарыңызға жол болсын. Сөзім жоқ. 

Ұлтаралық, нәсіларалық, халықаралық ынтымақ - Қазақстанның күші. Соны неге түсінбейсіздер? Бүкіл іштегі қырық ру халықты қорытып, 20-30 жылда қазақ қылуды неге ойламайсыздар? 

Естеріңізде болсын, Құдайдың көзі түзу болып, қырсықтан сақтасын. Осы бүгінгі ашық аспанымызды Құдай көп көрмесін. Жауапкершілігі зілдей, артында миллиондаған халқы тұрған адамға демеу болайық. Айналамызда аласапыран заман, сыртымызда мысықтілеу дұшпандар да жоқ емес. 

Қазақ тіліне жаныңыз ашыса - өзіңіз қазақша сөйлеңіз, балаңыз қазақша сөйлесін, туыстарыңыз қазақша сөйлесін. Ұрыспаңыз, төбелеспеңіз, ұрмаңыз! Тек 24 сағат қазақша сөйлеңіз. Болды. Нәтиже болады,- деп жазды депутат.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату