weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мәжіліс депутаты келіншектің тұсауын неге кесіп жүр?

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев осыға дейін 3600 баланың тұсауын кескен. Тұсау кескендердің арасында кексе келіншектер  де бар екен. Депутат мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Мәжіліс депутаты келіншектің тұсауын неге кесіп жүр?

Журналистердің "тұсауды тегін кесесіз бе?" деген сауалына депутат

– Осыған дейін 3600 баланың тұсауын кестім. Ол үшін басқа танымал адамдар сияқты арнайы "ставка" қойып,  ақы алған емеспін. Бәрі тегін, - деп жауап берген.

Дәулет Мұқаевтың айтуынша ол 2015 жылдан бері тұсау кесіп келеді екен. Тіпті, басқа ұлт өкілдері де бұған қызығып, депутатқа тұсауын кескізген.

Ал 36,38 жастағы әйелдердің тұсауын не себепті кескені туралы

– ...Ол әйел "мен сүріншекпін, тұсауым кесілмеген. Өтінем, кесіп беріңізші" деп ақ жолын төсеп, жібін дайындап тұр екен. Сосын бас тарта алмай, ырымын жасап тұсауын кесіп бердім. Алайда, осылай өтініш білдірген әйелдерге кішкентай балалардың ғана тұсауын кесетінімді айтамын, деп түсіндірді Дәулет Мұқаев.

Сондай-ақ, көпшілік бұл әрекеттерді сынға алса да, депутат бола тұра тұсаукесер өткізуді әбестік деп қабылдамайтынын айтты. Бастысы бұл әрекеттер жұмыс уақытында жасалып жатпағанын атап өтті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→