Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Оралда ер адам ит зорлады деген күдікке ілінді

Оралда ер адам ит зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды newsroom.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Оралда ер адам ит зорлады деген күдікке ілінді
Фото: “Мой город”

“Мой город” мәліметінше, күдікті ер адам психикалық ауруға байланысты есепте тұр және іс мәжбүрлі емдеуге жіберілуі мүмкін. 

Орал қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, жантүршігерлік оқиғаға куә болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ер адам қаңғыбас итке қатысты қатыгездік әрекеттер жасаған.

Әйелдің айтуынша, бұл жағдай Зачаганск елді мекенінде болған. Ол оқиғаны видеоға түсіріп, жазбаны полиция қызметкерлеріне тапсырған.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты тексеріп жатқанын хабарлады. Күдіктінің жеке басы анықталған – ол 30 жастағы қала тұрғыны, әрі психиатриялық есепте тұрған адам болып шықты.

Қазіргі уақытта оның мәжбүрлі емдеуге жіберілу мәселесі қаралуда. Полиция өкілдері бұл азаматтың ресми түрде әрекетке қабілетсіз деп танылғанын атап өтті.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату