Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

бүгін, 10 сәуірде елімізде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 10 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды newsroom.kz. 

бүгін, 10 сәуірде елімізде ауа райы қандай болады?
ашық дереккөзден

Аймақтар: Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысында 10-13 сәуір аралығында температуралық фонның жоғарылауына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі мен өзендердің мұздан тазаруы жалғасады. Бұл ретте өзен арналарында мұз кептелістері пайда болуы мүмкін. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ мұз кептелістерінен, жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.

Аймақтар: Абай облысы

Абай облысында 10-13 сәуір аралығында температуралық фонның жоғарылауына байланысты таулы аймақтарда қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.

Аймақтар: Қызылорда облысы

10 сәуірде Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Аймақтар: Қостанай облысы

10 сәуірде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында 23-28 м/с.

Аймақтар: Қарағанды облысы

10 сәуірде түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15 м/с. Қарағанды қ.: 10 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Аймақтар: Ұлытау облысы

10 сәуірде күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 10 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Аймақтар: Атырау облысы

10 сәуірде Атырау облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қ: 10 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Аймақтар: Абай облысы

10 сәуірде түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с. Семей қ.: 10 сәуірде таңертең және таңертең тұман күтіледі.

Аймақтар: Ақтөбе облысы

10 сәуірде түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20, облыстың орталығында, шығысында кей уақыттарда 25 м/с. Ақтөбе қ: 10 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Аймақтар: Шығыс Қазақстан облысы

10 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Өскемен қ.: 10 сәуірде таңертең және таңертең тұман күтіледі.

Аймақтар: Маңғыстау облысы

10 сәуірде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Аймақтар: Астана

Астана қ.: 10 сәуірде шаңды дауыл күтіледі.

Аймақтар: Шығыс Қазақстан облысы

09 сәуірдің сағат 20.00-ден 10 сәуірдің сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.

Аймақтар: Солтүстік Қазақстан облысы

10 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 10 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Аймақтар: Батыс Қазақстан облысы

10 сәуірде түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Орал қ.: 10 сәуірде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Аймақтар: Ақмола облысы

10 сәуірде күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 10 сәуірде оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Аймақтар: Жетісу облысы

-14, облыстың орталығында, шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25

Аймақтар: Алматы облысы

10 сәуірде Алматы облысының және Алматы қаласының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі.

Аймақтар: Жамбыл облысы

10 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Аймақтар: Павлодар облысы

10 сәуірде түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүтігінде, шығысында тұман күтіледі.

Аймақтар: Ақмола облысы

9-12 сәуір аралығында Ақмола облысындағы Бұланды, Астрахан, Атбасар, Жақсы, Жарқайың және Есіл аудандарындағы өзендерде бүйірлік және орманды алқаптардан еріген қар суы ағындарының жетуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі. Жекелеген аймақтарда су деңгейі қауіпті деңгейден асып, соның салдарынан автожолдарды, елді мекендерді, тұрғын және шаруашылық нысандарын су басу мен судың жайылуына алып келуі мүмкін.

Аймақтар: Алматы, Алматы облысы

2025 жылдың 09-11 cәуір аралығында жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында (2000 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату