Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауады. Ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын мол түсіп, кей жерлерде көктайғақ қалыптасуы мүмкін.
Сонымен қатар жекелеген күндері батыс, солтүстік және орталық өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 13 қарашадан бастап оңтүстікте де жауын-шашын тоқтайды деген болжам бар.
Синоптиктер республика аумағында жел күшейетінін ескертті. Шығыс Қазақстанда жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Сондай-ақ түнгі және таңғы уақытта тұман түсу ықтималдығы бар.
Өңірлерде ауа температурасы қандай болады?
- Батыста: түнде +2…+9, күндіз +8…+17 градус жылы.
- Солтүстікте: түнде -2…-10, күндіз -2…+5 градус.
- Орталық пен шығыста: түнде -5…-15, күндіз -3…+5 градус.
- Оңтүстікте: түнде -1…-8, күндіз +5…+12 градус.
- Оңтүстік-шығыста: түнде -3…-8, таулы аймақтарда -11…-16 градус аяз. Күндіз +2…+10 градус, таулы өңірлерде -1…-6 градус болады.
Осылайша, алдағы үш тәулікте әсіресе еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда күн айтарлықтай суытады. Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыз құбылыстарын ескеріп, сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.