Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Астанада жатақхананың үстіңгі қабаты толығымен өртеніп кетті

Астанадағы Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы алты қабатты жатақхананадан өрт шықты, деп хабарлайды newsroom.kz.

Астанада жатақхананың үстіңгі қабаты толығымен өртеніп кетті

Newsroom.kz редакциясына хабарласқан жатақхана тұрғындары таңғы сағат 5-тен бері далада жүргендерін айтты.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт 6-шы қабатта шығып жатқаны анықталған. 6-шы қабат толығымен өртке оранған.

"Дереу газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары құрылып, барлау жұмыстары басталды. ТЖМ күштері суды үздіксіз жеткізді. 50 адам, соның ішінде 7 бала эвакуацияланды. 490 адам өздігінен қауіпсіз жерге шықты", - деп жазылған хабарламада.

Өрт 1600 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілген. Оқиға орнында сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі әлі белгісіз.
 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату