- Айт күні кір жумайды. Айт күні қазақ дәстүрінде үй тазаламайды деген ата-бабамыздан қалған дәстүр бар.Шын мәнінде солай.Неге? Өйткені айт бұл мереке. Айт күні тамақ жеп,елді күтіп алып, дастархан жайып, бар жақсы ниетті жүруге керек адам.Ал енді, айт күні кір жуып, үйде жұмыс істеп жатсаңыз, айтқа құрметсіздік және келген адамға елемеушілік болып табылады.Сондықтан айт күні ата-бабамыздың дәстүрі бойынша,жұмыс істелмей, қыдырып, жақсылық жасайтын күн,- деді Нұрлан имам.