Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Біз араб емеспіз» – Нұрлан имам мәһр мен қалыңмал жайында

Жақында ҚМДБ мәһр мен қалыңмалды бір ұғым етіп бекітті,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Біз араб емеспіз» – Нұрлан имам мәһр мен қалыңмал жайында
sn.kz

Нұрлан имамның айтуынша, неке қияр алдында күйеу жігіт қалыңдығына белгілі мөлшерде сый төлеуі керек. Мәһр – неке қиғанда әйелге берілетін сый. Ол қалыңмал немесе мәһр деп аталса да әбестігі жоқ деп отыр. 

"Біздің дана халқымыз некенің шарты болған қыз балаға берілетін сыйлық қыздың қарға бауы, алқа таққан, мұның бәрі қыздың жеке мүлкі болған, қыздың өзіне берілген. Кейбір жерде қыздың қалың малы деп те аталған. Немесе әке күші, ана сүті деген атпен де аталып жатады. Осының бәрі некедегі мәһрдің жолы болып табылады. Мәһрді мәһр деп атау шарт емес. Қазір қалыңмал жүз мыңнан миллионға дейін барады. Осы берілген ақыға қыздың ата-анасы жиһаз-жабдығын алып береді. Енді қалыңмалды да, мәһрді де алам деу бейбастық, өз білгенімен кету, ата-баба салтын аттау. Сондықтан шариғаттың шартын бабаларымыз даналықпен орындаған. Қазір шариғаттың жолын емес, арабтардың салт-дәстүріне еліктеп, "арабтар бүйтеді екен, арабтар сүйтеді екен" деп айтатындар бар, біз араб емеспіз. Өзіміздің салт-дәстүріміз бар, соның аясында жасауымыз керек. Шариғатта талап еткен әлеуметтік сақтандыруын ата-бабамыз даналықпен орнын айшықтап тұрып орындаған. Күйеу жігіттің қызға беретін сыйы мәһр орнына жүреді. Қыздарымыз мәһр сұраймын деп бақыр киіп қалмауы керек", – дейді Нұрлан имам.