Кездесу Вадуц қаласындағы «Райнпарк» стадионында өтті. Ойын қонақтардың пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.
Бірінші кезеңде Әли Әлиев шәкірттері гол соға алмай біраз қиналды. Дегенмен үзіліске жақындаған тұста ұлттық құрама көшбасшылары тізгінді қолға алып, 3 минуттың ішінде екі гол соқты.
Алдымен 42-минутта Марат Быстровтың берген пасын шабуылшы Максим Самородов голға айналдыра білдірді. Арада үш минут өткенде Самородовтың өзі нәтижелі пас берді. Оны қорғаушы Алексндар Марочкин мүлт жіберген жоқ. Ардагер футболшы Златан Ибагимовичтің стилінде салды.
Үзілістен кейін бас бапкер бес ойыншыны ауыстырды. Бірақ одан ештеңе өзгерген жоқ. Қорытынды есеп - 0:2 Қазақстанның пайдасына.
Айтпақшы, Қазақстан әлем чемпионатына іріктеу турнирінде сәтсіздік сериясын аяқтады. Өйткені жерлестеріміз 12 жыл бойы жеңіске жете алмай келген еді. Соңғы рет ел құрамасы 2013 жылдың қыркүйек айында Фарер аралдарын (2:1) жеңген болатын. Содан бері ұлттық команда 22 матч өткізіп, 7 ойында тең түсіп, 15 кездесуде жеңіліс тапты.