Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда ЖІӨ 14 мың доллардан асты

2024 жылдың соңына қарай Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 288 миллиард долларды құрады. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 14 мың доллардан асып, айтарлықтай өсім көрсетті, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қазақстанда ЖІӨ 14 мың доллардан асты
Ашық дереккөзден

Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік кезеңіндегі алты жылдық нәтижелерге арналған «Алты жылдық прогресс: Қазақстанның тұрақты дамуға бет алысы» атты мақаласында айтылды.

Үкімет басшысының мәлімдеуінше, Қазақстан бұл кезеңде пандемия мен геосаяси тұрақсыздық секілді сын-қатерлерге қарамастан, экономикалық дамуда елеулі жетістіктерге қол жеткізді.

«Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыруды және шикізаттық емес секторды дамытуға басымдық беруді негізгі міндет ретінде айқындады. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстардың нақты нәтижелері көріне бастады – экономиканың өсіміне негізінен өңдеуші сектор үлес қосып отыр. 2019-2024 жылдары өңдеуші өнеркәсіп өндірісі 31,4%-ға, құрылыс саласы 96,3%-ға өсті. Жалпы, өнеркәсіп құрылымында өңдеуші кәсіпорындардың үлесі кен өндіру секторымен теңесті», – делінген мақалада.

ЖІӨ өсімінің арқасында Қазақстан жоғары табысты елдер тобына бір қадам жақындай түсті.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату