Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Премьер-министр: Қазақ авторларының аудиокітаптары жасалуы керек

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында мәдениет пен өнер саласын цифрландыру бойынша нақты бірлескен жұмыстар жолға қойылуы тиістігін атап өтті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы. 

Премьер-министр: Қазақ авторларының аудиокітаптары жасалуы керек
Сурет: ашық дереккөзден

"Қазіргі таңда аудиокітаптар өте танымал. Қазақстандық авторлардың аудиокітаптарын жасап, оларды түрлі платформаларға, оның ішінде әртүрлі тілдерде де орналастыру қажет. Осылайша біз әдебиетімізді өз елімізде ғана емес, одан тыс жерлерде де насихаттай аламыз. Сондай-ақ музейлерді цифрландыруға ерекше назар аударған жөн. Мәдениетіміздің бүкіл алтын қорын цифрландыру керек", - деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы мәдениет ұйымдарына билет берудің бірыңғай электронды жүйесін енгізуді ұсынды.

"Жалпы Мәдениет және Цифрландыру министрліктері креативті индустрияларды орнықты дамыту, сондай-ақ бүкіл мәдениет пен өнер саласын цифрландыру бойынша нақты бірлескен жұмысты жолға қоюы керек", - деді Премьер-министр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату