Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Шымкенттен Сеулге тікелей рейс ашылды

Шымкент – Сеул бағытында жаңа тікелей рейстің іске қосылды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы. Бұл туралы SCAT әуе компаниясы хабардар етті.

Шымкенттен Сеулге тікелей рейс ашылды

2025 жылдың мамыр айынан бастап жолаушылар Азияның ең қарқынды дамып келе жатқан қалаларының біріне, заманауи технологиялар мен ғасырлар бойғы дәстүрлер үйлескен ерекше мегаполиске тікелей ұша алады.

Компанияның мәліметінше, алғашқы рейс 29 мамырда орындалады, ал билеттер қазірдің өзінде сатылымда. Әуе қатынасы аптасына екі рет жүзеге асырылады:

Шымкенттен – дүйсенбі және бейсенбі күндері,

Сеулден – сейсенбі және жұма күндері.

Жаңа рейс Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы әуе қатынасын айтарлықтай жеңілдетеді.

Сеул – дәстүр мен заманауилық тоғысқан қала

Сеул – көне сарайлар мен будда храмдары көз сүріндіретін биік ғимараттармен үйлескен ерекше шаһар. Туристер үшін бұл қала көптеген қызықты орындарымен танымал:

•Намсан мұнарасынан қаланы тамашалау,

•Чонгечон өзені бойымен серуендеу,

•Инсадонг аймағында дәстүрлі кафелер мен антикварлық дүкендерден естелік бұйымдар алу.

Сондай-ақ, қала ірі сауда орталықтары мен сәнді бутиктерімен танымал, ал корей асханасының ерекше тағамдары – барбекю, кимчи мен дәстүрлі десерттерді дәм тату гурмандар үшін нағыз жаңалық болмақ.

Билеттерді қайдан алуға болады?

Билеттерді scat.kz сайтынан, SCAT мобильді қосымшасынан немесе қалаңыздағы кассалардан брондауға болады. Онлайн тіркеу ұшуға 24 сағат қалғанда ашылады.

Маңызды ақпарат: виза талаптары

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап қазақстандықтар үшін 30 күнге дейінгі визасыз кіру режимі енгізілген. Алайда, Оңтүстік Кореяға сапар шегу үшін K-ETA электронды рұқсаттамасын алу қажет. Бұл құжатты алдын ала рәсімдеп, сапарыңызды еш қиындықсыз жоспарлаған жөн.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату