weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Пәтер иелері кооперативтерінің мәртебесі өзгереді

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жаңа түзетулерге сәйкес, пәтер иелері кооперативтері (ПИК) енді басқарудың дербес түрі ретінде қарастырылмайды. Олар бірнеше тұрғын үй кешенін біріктіретін бизнес құрылым ретінде жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Пәтер иелері кооперативтерінің мәртебесі өзгереді
ашық дереккөзден

Жаңа талаптарға сай, барлық ПИК міндетті түрде қайта тіркеуден өтіп, коммерциялық емес ұйым ретінде жұмыс істеуі керек. Олардың кірістері мүшелер арасында бөлінбейді, тек экономикалық қажеттіліктерге бағытталуы тиіс. Сонымен қатар, кооперативтер тұрғын үй кешендерінің ортақ мүліктерін басқару, аумақты тазалау және лифт жүйелерін күтіп ұстау сияқты мәселелермен айналысады.  

Бұл өзгерістер тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру және тұрғындардың құқықтарын қорғау мақсатында енгізіліп отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→