Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзінше, ғимараттарда өрттің шығуына көп жағдайда кабельдердің ақауы әсер етеді. Енді бұл мәселенің шешімі бар. Мұның игілігін бізден бөлек, көрші елдер де көре алады. Оның сөзінше, бұл Қазақстандағы ауыр ионды үдеткіштердің арқасында мүмкін болған.
"Елімізде мұндай жеті үдеткіш бар, бірақ көпшілік бұл туралы біле бермейді. Олар материалдардың қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік береді. Мысалы, “Қазэлектромаш” компаниясы отқа, суыққа және тіпті радиацияға төзімді кабельдер шығарады", – деді Саясат Нұрбек.
Министрдің сөзінше, қазақстандық өнім экспортқа да жөнелтіледі. Былтыр алғаш болып Өзбекстан елі тапсырыс берген. Қазіргі таңда көрші ел оны теміржол компаниясында қолданып жатыр.