Жаңа талаптарға сәйкес, шектеулер мұнай өнімдерін автомобиль және теміржол көлігі арқылы экспорттауға қатысты қолданылады.
Атап айтқанда, автокөлікпен Қазақстан аумағынан бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін шығаруға тыйым салынады. Дегенмен, заңнамада көзделген жекелеген ерекшеліктер қарастырылған.
Теміржол арқылы тасымалдауға да шектеу қойылады. Бұл жағдайда мұнай өнімдерін елден әкетуге тыйым салынады. Алайда бекітілген жеткізу жоспарларына сәйкес тасымалданатын бензинге және Үкіметтің шешімімен гуманитарлық көмек аясында шығарылатын мұнай өнімдеріне рұқсат беріледі.
Сонымен қатар 2027 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге мұнай өнімдерінің бірқатар түрін экспорттауға қосымша тыйым енгізіледі.
Шектеуге жеңіл дистилляттар, авиациялық керосин, дизель отыны, газойль, толуол, ксилол және мұнай битумы кіреді.
Тиісті бұйрық 2026 жылғы 16 қарашадан бастап күшіне енеді.