weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның ірі қалаларында бүгінгі ауа райы қандай болады?

Бейсенбі, 27 ақпанда Алматы мен Астанада бұлтты ауа райы күтіледі, ал Шымкентте синоптиктер болжамы бойынша, күн жылы болады. Ауа райы болжамы "Қазгидромет" сайтында жарияланды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанның ірі қалаларында бүгінгі ауа райы қандай болады?

Бүгін Алматыда күн бұлтты, десе де жауын-шашынсыз болады. Күндіз термометрлер бағаны 0 градустан -2 градусқа дейінгі аралықта болад, түнде ауа температурасы -5...-7 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрге жетеді.

Астанада да бүгін жауын-шашын күтілмейді. Күндіз термометр көрсеткіші -5...-7 градусқа дейін жетсе, түнде елордада -15...-17 градусқа дейін күн суытады. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады.

Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы +4...+6 градусқа дейін жылынса, түнде ауа температурасы -5...-7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге дейін жетеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→