Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда арзан пәтер қай қалада?

2023 жылдың желтоқсан айында Қазақстандағы жаңа тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің орташа құны 500 мың теңгеден асты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда арзан пәтер қай қалада?
Фото: kyn.kz

Нарықтағы тұрғын үй құны

Жыл ішінде бағалар орта есеппен 3%-ға қымбаттады. Бағаның ең үлкен өсімі өткен жылдың күзіне сәйкес келді.

2024 жылы қайталама нарықтағы тұрғын үйлердің бағасы жаңа құрылыстардағы жылжымайтын мүлік құнынан асып түсті. Желтоқсан айында "екінші нарықтағы" тұрғын үйдің бір шаршы метрі 516,2 мың теңгені құрап, жыл ішінде 4,2%-ға өсті.

Қымбат қалалар рейтингі:

• Астана – 595,5 мың теңге/шаршы метр;

• Алматы – 582,5 мың теңге;

• Шымкент – 444,1 мың теңге.

Арзан қалалар рейтингі:

• Ақтөбе – 286,1 мың теңге/шаршы метр;

• Орал – 287,8 мың теңге;

• Көкшетау – 319,9 мың теңге.

Екінші нарықтағы ең қымбат тұрғын үйлер Астана, Алматы және Атырау қалаларында орналасқан.

Баспана қымбаттай ма? 

Сарапшылардың болжамы бойынша, құрылыс саласына қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша жеңілдіктер алынып тасталса, жылжымайтын мүлік бағасы 10%-ға дейін қымбаттауы мүмкін.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2023 жылы әрбір қазақстандыққа 23,9 шаршы метр тұрғын үйден келді. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 2 шаршы метрге артқан.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату