Жарияланған ақпаратқа сәйкес, рейстерді FlyArystan арзан авиакомпаниясы аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері орындайтын болады.
Қарағанды әуежайының директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Оспанов атап өткендей, қала агломерациясында облыс орталығына жақын орналасқан 30-дан астам қалалар мен елді мекендерде тұратын 870 мың тұрғын бар.
«Біздің тұрғындардың шетелге шығу қажеттілігі туындайды, ал ол жаққа басқа әуежайлар арқылы жету өте ыңғайсыз. Қарағанды әуежайы халықаралық, яғни әуе компанияларымен серіктестікте ол бізді Стамбул, Дубай, Бейжің, Шанхай сияқты негізгі хабтармен байланыстыра алады. Бұл алдымызда тұрған үлкен жұмыстың басы ғана екеніне сенімдімін».
— деді ол.
Қазірдің өзінде әуе билеттері әуе компаниясының ресми сайтында, мобильді қосымшада және басқа ресурстарда қолжетімді екені хабарланды.