"АҚШ билігіне Дональд Трамп келгеннен бері алып мемлекетте күнде өзгеріс. Тіпті кейбір жаңалықты оқығанда жағамызды ұстайтын болдық. Миллиардер Илон Маск президент Дональд Трамп АҚШ-тың халықаралық даму агенттігін жабу керек деп келісті деп мәлімдеді. Миллиардер АҚШ-тың шетелге көмегін тоқтату керек деп жұртшылыққа әйгілі «Азаттық радиосы» мен «Америка дауысы» радиостанцияларын жабуды да ұсынған.
Илон мырза USAID -тың іс-қимылын білек сыбанып зерттеп, «сіздердің салыққа төлеген ақшаны пайдаланып, биологиялық қаруды зерттеуді қаржыландырды, оның ішінде миллиондаған адамның өмірін жалмаған COVID-19 бар» деп әлеуметтік желісінде жариялады. Миллион оқырман тіркелген USAID ұйымы үндемеді. Аккаунтын бұғаттап тастады. Алып Американың билігі бұл ұйымға неге шүйлікті? Себебі, әр мемлекеттің ең алдымен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Енді бұл ұйымдар бізде не бітіріп жүр деген ой келеді.
Біздің елде түрлі ұйымдарды қаржыландырып отырған шетелдік ұйымдардың мақсаты не?
Депутат Ирина Смирнованың мәліметінше, елімізде 200 үкіметтік емес ұйымның
70%-на АҚШ-тың түрлі ұйымдары қаржы құяды. Олар қандай ұйымдар ?
Мемлекеттің саяси, қоғамдық , әлеуметтік өміріне қаншалықты ықпал етіп отырғанын ешкім білмейді. Дегенмен, бұл не деген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық деп бекер айтылмаған. Миллиондаған қаражат кімнің мүддесін қорғауға жұмсалып отыр.
Естеріңізде болса, желтоқсанда әлеуметтік желілерде ескі бейнежазбаларды монтаждап, митинг өтіп жатқандай халықты ереуілге шақырған кадрлар қаптап кетті. Арандатушылардың мақсаты елді көтеріліске үгіттеу. Әлгі жылдам тараған ақпараттың жалған екеніне көзім жеткенімен үрей болды. Тағы да қанды қырғын бола ма, қайда барамыз, балаларымызды қалай қорғаймыз деп уайымдадық.
Сондықтан әрқашан ресми ақпаратқа сеніңіз. Абай болайық. Тәуелсіз елімнің аспанын ешқашан қара бұлт торламасын. Арандатушылардың ойыншығына айналмайық",- деп жазды Жазира Бегалы.