Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанның мегаполистерінде бүгінгі ауа райы қандай болмақ?

Астана, Алматы мен Шымкенте 11 ақпан күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанның мегаполистерінде бүгінгі ауа райы қандай болмақ?
Фото: Ult.kz

Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 0 градусқа дейін көтеріліп, түнде -15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,3 м/с болмақ.

Астанада да синоптиктер болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы -5 градусқа дейін жетіп, түнде -14 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,9 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн қара бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 3 градусқа дейін жетіп, түнде -2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,1 м/с деңгейінде болмақ.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату