Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

22 жасында үшем босанған әйел: Шымкентте қуанышты жаңалық орын алды

Бұл – 2025 жылы қалада үшем босанған бірінші ана

22 жасында үшем босанған әйел: Шымкентте қуанышты жаңалық орын алды
Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы

Шымкент қалалық №2 ауруханасына қарасты перзентханада үшем дүниеге келді, – деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл – 2025 жылы қалада үшем босанған бірінші ана.

«Шымкенттің 22 жастағы тұрғыны Жәмилә 2 ұл, 1 қызды дүниеге әкелді. Нәрестелердің салмағы 2770, 2410 және 2095 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Балалар мерзімінен бұрын туса да, денсаулығы жақсы», – деп хабарлайды Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы.

Екі ұл, бір қыздың анасы атанған Жәмиләні жақындары перзентханадан шығарып алды.

Нәрестелердің салмағы 2770, 2410 және 2095 грамм болды. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты. Бұл – шымкенттік батыр ананың  тұңғыш сәбилері. 

Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалды.

Айта кетейік, 2024 жылы Шымкентте 28 936 сәби дүниеге келген – 14 837 ұл бала және 14 099 қыз бала.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату