El info ақпараттық порталының мәліметінше кейбір қалаларда баға айтарлықтай өсім көрсетті: Ақтөбеде – 12,8%, Көкшетауда – 10,1%, Таразда – 10%. Екінші нарықтағы пәтерлер бойынша бағаның ең көп өсуі Атырау (16,9%), Астана (12,9%) және Қонаев (10,1%) қалаларында байқалды. Ал жалға беру нарығында Талдықорған (26,6%), Астана (25,8%) және Шымкент (18,6%) көш бастады.
Бір ай ішінде (2024 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейін) жалға алу бағасы 1,1%-ға, пәтерлерді қайта сату бағасы 0,9%-ға, жаңа тұрғын үйдің бағасы 0,2%-ға көтерілді.
2024 жылдың желтоқсан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 50 046 мәміле жасалды. Бұл қарашамен салыстырғанда 27%-ға артық. Мәмілелер саны жөнінен алдыңғы қатарда – Астана (9 911), Алматы (8 845) және Қарағанды облысы (3 638). Елдің көптеген өңірлерінде мәмілелер саны өсті, әсіресе Қызылорда (+70,2%) және Жамбыл (+45,3%) облыстарында айтарлықтай өсім байқалады.