Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 қаңтар, 2025 / Перизат Ілес / Әлем

Танымал актер қаза тапты

Әзербайжанның әйгілі актері Әзербайжан Бахшалиев 2 қаңтарда жүрегі тоқтап қалды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Танымал актер қаза тапты
Фото: 1News.Az

Бахшалиевке бүйрек трансплантациясы жасалуы керек болған.

Бұл туралы Әзербайжан медициналық университетінің (АМУ) баспасөз қызметінің басшысы Гүлнел Асланова айтты.

Әзер Бахшалиев ауруханаға коматозды жағдайда түсті. Оның аты бүйрек трансплантациясы бар науқастар тізімінде көрсетілген. Ол донорды күткен науқастардың бірі. Біз оның комадан шығуын күтеміз, - деді ол.

Бірақ ота жасалмай жатып, ол қайтыс болды.

Әзербайжан әзіл- сықақ фильмдер мен сериалдардағы рөлдерімен танымал. Актер ұзақ уақыт бойы бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шекті.