Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Жаңа жыл туралы қызықты деректерді білесіз бе?

Күні ертең жаңа 2025 жылды адамзат баласы қарсы алмақ. Осы орайда жаңа жыл туралы қызықты деректерді назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды newsroom.kz

Жаңа жыл туралы қызықты деректерді білесіз бе?
Фото: Pinterest

Жаңа жыл – әлемдегі ең көне мейрам. Ежелгі мысырлық пирамидаларда жүргізілген қазба жұмыстарында біздің заманымыздан III мың жыл бұрын жасалған ыдыс табылған. Онда «Жаңа жылдың басы» деген жазу бар. Алайда Месопотамия халқы Жаңа жылды мысырлықтардан бұрын мерекелей бастаған екен.

Ғалымдардың пікірінше, бұл дәстүр біздің заманымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың соңында өркениет пайда болған Месопотамия жерінен бастау алады. Ежелгі халықтар Жаңа жылды наурыз айында мерекелеген. Дәл осы наурыз айында алқаптағы жұмыстар басталады. Сондықтан ежелгі римдіктер наурызды жылдың алғашқы айы деп санапты. Тек біздің заманымызға дейінгі 46-жылда Рим императоры Юлий Цезарь жылдың басы саналатын күнді 1 қаңтарға ауыстырған. 

Жаңа жыл туралы аңыздар

Аңыздардың бірінде Аяз атаның бейнесін алғашқы болып ғұндардың ойлап тапқаны айтылады. Ғұндардың Йерлу аталатын құдайы болған. Наным-сенім бойынша, ол жылдың алғашқы күнінде жер бетіне түседі. Бұл күні үйге шырша қою керек деген түсінік қалыптасқан. Себебі ғұндар үшін шырша – қасиетті ағаш. Демек, бұл ғұрып 5 мың жылдан бері бар. 

Наным-сенім бойынша, шыршаны безендіру дәстүрі ежелден бері бар және 2 мың жыл бұрын пайда болған. Ертеректе адамдар ағаштардың барлығының киесі бар және олардың бойында киелі рух өмір сүреді деп ойлаған. Дәл осы себепті ағаштарға сыйлықтар, тәттілер, жемістер мен жаңғақтарды іліп, рухтардың мейіріміне қол жеткізбек болған. 

Аңыздардың тағы бірінде рождестволық шыршаны протестантизмнің негізін құрушы Мартин Лютердің ойлап тапқаны сөз болады. Ол тотемдік ағашты христиан дінімен жақындастыру үшін, діндарлардан мерекелік шыршалардың басына Вифлеем жұлдызын тағып, бұтақтарына шырақтарды іліп қоюын сұрапты.

Жаңа жыл туралы қызықты деректер

• Тарихшылардың пікірінше, безендірілген алғашқы шыршалар 1605 жылы заманауи Францияның Эльзас жерінде пайда болған. Мұнан кейін біртіндеп бүкіл Еуропа тұрғындары шыршаларды безендіре бастаған. Десе де безендірілген шыршалар тек бай дворяндар мен көпестердің үйінде ғана болған дейді. Тек XIX ғасырда рождестволық шырша барлық үйлерге көрік бере бастаған екен. 

• Ортағасырлық Германияда шыршалар ғана емес, қарағай мен шие ағашының бұтақтары да түрлі ойыншықтармен безендірілген. Шыныдан жасалған алғашқы шырша шары Тюрингияда (Саксония) жасалыпты. Шеберлер шыныдан қоңырау, жүрекше, құстар мен аңдар, шар, жаңғақ тәрізді түрлі пішіндер жасап, артынша оны ашық түсті бояулармен бояған.  

• Ақшақардың образын 1950 жылдардың ортасында балалар жазушылары Лев Кассиль мен Сергей Михалков ойлап тауып, балаларға арналған қойылымдарға Аяз атаның немересін қосқан. 

• Ерлі-зайыптыларға ұл балалы болу үшін Жаңа жылда Лапландияға баруға кеңес беріледі.

• Әлемнің көптеген елінде Жаңа жыл түнінде аспан көк түсті болса, өнім мол болады деп сенеді. 

• 2016 жылы балалардың көбі Жаңа жылға сыйлық ретінде компьютерлік техника алуды қалаған. Ал ересектер Аяз атадан көбінесе басшыларын қатырып тастауды сұрайды екен.

• Санта-Клаустың бұғыларының есімі: Дэшер, Дэнсер, Прэнсер, Виксен, Комет, Кюпид, Доннер, Блитцен. Солтүстік Америкада қызыл мұрынды Рудольф бұғылардың бастаушысы болып саналады. 

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату