Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Шу қаласында шөп астынан 100 кг кептірілген марихуана табылды

Жамбыл облысының Шу қаласында шөп астынан 100 кг кептірілген марихуана табылды, – деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шу қаласында шөп астынан 100 кг кептірілген марихуана табылды
Фото: Polisia.kz

– Бұл қызметкерлердің бірі уақытша тұрған шаруа қожалығының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында анықталды. Жауап алу кезінде ол есірткінің шаруа қожалығының иесіне тиесілі екенін түсіндірді. Оның өзі бұған дейін Қарағандыда есірткі заттарын ірі көлемде сақтады және тасымалдады деген күдікпен ұсталған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің өкілі Медет Смағұлов.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату