weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жұмыс кезінде теміржолшының үстіне автокран құлаған: оған 3 млн теңге беріледі

Жамбыл облысында станция қызметкері өндірістік жарақат алғаны үшін 3 миллион теңге көлемінде өтемақы алды. Бұл туралы Шу аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап newsroom.kz хабарлады.

Жұмыс кезінде теміржолшының үстіне автокран құлаған: оған 3 млн теңге беріледі

Сот дерегінше, талап қоюшы 2023 жылдан бастап «Т.» ЖШС-де Жетісу облысындағы станциялардың бірінде жол монтері болып жұмыс істеген. Бір күні автокранның темір тросы үзіліп, ауыр механизм оның үстіне құлаған. Салдарынан ер адам ауыр жарақат алып, ІІ топтағы мүгедектік беріліп, еңбекке қабілеттілігінің 70 пайызын жоғалтқан.

Компания басшылығы оған бұрын 5,4 миллион теңге көлемінде төлем жасаған. Алайда жәбірленуші денсаулығына келген моральдық зиян үшін қосымша өтемақы талап етті.

Кейіннен Сот жазатайым оқиға жұмыс берушінің кінәсінен болғанын анықтады. Компания жәбірленушіге 3 млн теңге өтемақы беретін болды. 

Шешім заңды күшіне енді.