Деректерге сүйенсек, жалпы импорттың басым көпшілігі Қытайдан кейін Пәкістанға тиесілі. Ал Түркиядан бес мың тоннаға жетер-жетпес мандарин импортталып, үшінші орында тұр. Биыл өткен жылдардағыдай сөрелерде самсап тұратын марокколық мандарин көрінбейді.
Сондай-ақ, бұл жеміс биыл Қазақстанға 37 пайызға көбірек жеткізілген.
Жемістің көлемі артқанымен, бағасы сол қалпында. Қытайда өсірілген цитрустың келісі Алматыда 1000-1600 теңге аралығында. Түркия мен Мароккодан әкелінетін цитрус жемісі 1500 теңгеге саудаланып жатыр.