Доктор Саид Джоуде бейсенбі күні жұмысқа бара жатқанда қайтыс болды.
Ол Газаның солтүстігіндегі Камал Адван және әл-Ауда ауруханаларында хирург болған. Израиль әскері бұл оқиғадан бейхабар екенін, бірақ тергеу жүргізіп жатқанын айтты.
Айта кетелік, Осы уақытқа дейін кем дегенде 44 875 адам қаза тауып, 100 000-нан астамы жарақат алды, олардың көпшілігі бейбіт тұрғындар, деп хабарлайды Хамас басқаратын денсаулық сақтау министрлігі.
Жергілікті дәрігерлердің хабарлауынша, бейсенбі күні түнде Газаның орталығындағы босқындарға арналған баспанаға айналған пошта бөлімшесіне израильдік соққыдан олардың кемінде 30-ы қаза тауып, тағы 50-і жараланған.