Шетелдік БАҚ мәліметінше, Грузиядағы саяси жағдай күрделене түскен. 26 қазандағы парламенттік сайлау нәтижесінде билеуші «Грузин арманы» партиясы 54% дауыспен жеңіске жеткенімен, оппозиция мен президент Саломе Зурабишвили бұл нәтижелерді мойындамай отыр.
Зурабишвили өзінің президенттік өкілеттігін жаңа парламенттік сайлау өткізілгенге дейін тоқтатудан бас тартты. Ол демократияны қорғау үшін күресуге дайын екенін және оппозицияны халықпен бірге бейбіт наразылық шараларын жалғастыруға шақырды. Оппозициялық партиялар мен азаматтық қоғам сайлау нәтижесін мойындамай, жаңа сайлау өткізуді талап етті.
Айта кетейік, бүгін Грузияда президент сайлауы өтеді. Жаңа мемлекет басшысын 300 адамнан тұратын сайлау алқасы айқындайды. Оған жалғыз кандидат «Грузин арманы» партиясынан Михаил Кавелашвили қатысады.