Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев мәслихаттарды мерзімінен бұрын тарататынын мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында айтты.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Тоқаев мәслихаттарды мерзімінен бұрын тарататынын мәлімдеді
Фото: Aqorda

Тоқаевтың айтуынша, елдегі мемлекеттік басқару жүйесін трансформациялау жұмысының қорытынды кезеңі барлық деңгейдегі мәслихаттарға өтетін сайлау болады.

«Сондықтан жақын арада Премьер-Министрмен және Құрылтай Төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультациялар өткіземін. Оның қорытындысы бойынша тиісті жарлыққа қол қоямын», – деді Президент.

Одан кейін алдағы сайлаудың күнін Орталық сайлау комиссиясы анықтауы керек.

Мемлекет басшысы қазіргі мәслихат депутаттарының өкілеттігі Конституция мен заңдарда көзделген негіздер бойынша тоқтатылғанға дейін сақталатынын атап өтті.

Тоқаев мәслихаттар азаматтардың жергілікті деңгейдегі мүддесін білдіру, бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау функцияларын толық орындауы керектігін айтты.

«Бұл қадам білікті әрі кәсіби мәслихат депутаттары корпусын қалыптастыруға жол ашып, олардың жұмысына жаңа серпін береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Айта кетейік, Қазақстанның жаңа Конституциясында Президент Премьер-Министрмен және Құрылтай Төрағасымен консультациядан кейін мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтата алатыны белгіленген. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→