Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 желтоқсан, 2024 / Арайна Арайқызы / Жаңалықтар

Жаңа жылға қолдан жасауға болатын сыйлықтар

Жаңа жыл жақындаған сайын жақындарыңызды қуантудың ерекше жолдарын іздей бастаймыз. Сыйлықтарды қолдан жасау – мейрамға дайындықты ерекше әрі мағыналы етеді.

Жаңа жылға қолдан жасауға болатын сыйлықтар
Толқын

Newsroom.kz тілшісі сіздерге жаңа жылға қолдан жасауға болатын қызықты және қарапайым сыйлықтардың идеяларын ұсынады.

1. Арнайы құттықтау ашықшасы

• Не қажет? Түрлі-түсті қағаздар, маркерлер, желім, безендіру үшін жылтыр қағаздар немесе жіптер.

• Қалай жасауға болады?

1. Ашықша қағазын әдемі пішінде қиып алыңыз (жұлдызша, шырша немесе жүрек формасында).

2. Оның бетіне мерекелік құттықтау сөздерін жазыңыз.

3. Жылтыр жапсырмалармен, суреттермен немесе тастармен безендіріңіз.

Идея: Балалармен бірге жасап, туыстарға таратсаңыз, бұл сыйлық бәрінің есінде қалары сөзсіз.

2. Қолдан тоқылған жылы заттар

Не қажет? Ине-жіп, жүн иірімжіп, тоқу құралдары.

Қалай жасауға болады?

1. Жұмсақ жіптен қолғап, шарф немесе шұлық тоқыңыз.

2. Түстерді үйлестіріп, мерекелік стиль қосыңыз.

Идея: Жылы заттарды сыйлау арқылы шынайы қамқорлығыңызды білдіретініңізді көрсетесіз. 

3. Қолдан жасалған шырша ойыншықтары

•  Не қажет? Картон, түрлі-түсті қағаз, моншақтар, желім, лента.

• Қалай жасауға болады?

1. Картоннан әртүрлі пішіндер қиып (шырша, қоңырау, жұлдыз), оларды безендіріңіз.

2. Моншақтарды жапсырып, лентамен ілетін ілмек жасап қойыңыз.

• Идея: Әр ойыншықты отбасы мүшелерімен бірге жасасаңыз. Бұл процесстің өзі есте қаларлық сәтке айналады.