Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Әлем

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс неден басталды?

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстың неден бастау алғанын,- назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды newsroom.kz

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс неден басталды?
Фото:Jambylinfo

Қақтығыстың бастауы

Израиль мемлекетін құру Лондонның «еврейлердің ұлттық Отаны» атты жоспарынан негіз алған. Бұл шамамен 1917 жылдар болатын. Еврейлер Британдық биліктің уәдесіне сеніп сол уақыттағы Осман империясының қарамағына кірген Палестина жеріне бас сауғалап көше бастайды.

Қай ел бірінші болып құрылды?

1917 жылы Осман империясы ыдырап, оның қол астындағы елдер басқа бір империяға тәуелді болуға мәжбүр болады. 1917 жылы 31 қазан айында британдық жауынгерлер Осман империясынан Палестинаны тартып алады. Сөйтіп 1400 жылдық Ислам билігінің орнына, 28 жылдық Британия билігі салтанат құрады. Осы кезде дүниеге келген Бальфур декларациясы бойынша, Таяу Шығыстағы әртүрлі этникалық топтарды қорғау деген желеумен “Палестинада еврей халқына арналған ұлттық үй құру” мақсат болады.

Британия мандатына өтпей тұрғанда Палестинада өмір сүретін еврейлердің үлес салмағы барлық халықтың 6%-ы ғана болған. Британия билігінде болған жиырма сегіз жылда Еуропадан Палестинаға көшкен еврейлер саны артып, 1947 жылы барлық халықтың 33%-на жетеді. Бұл жылдар аралығында келген еврейлердің саны 376,415 болған.

Палестина мемлекетін құру туралы шешім 1988 жылы Алжирде өткен Ұлттық жиында қабылданды. Дегенмен күні бүгінге дейін Палестина жартылай егемен ел болып саналады. Себебі Палестинаның егемендігін БҰҰ мүшелерінің 198-ден тек 138-і мойындаған. Қазақстан Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін 1992 жылы мойындады.

Израиль мемлекетін құру туралы шешім Палестинадағы Британдық мандаттың аяқталуына бір күн қалғанда 1948 жылы қабылданды. Декларацияның мәні – еврей халқының тарихи Отанына оралып, тәуелсіз мемлекет құруы.

БҰҰ Палестинаны екі дербес еврей-араб мемлекетіне бөлу туралы резолюция қабылдап, Иерусалимге халықаралық бақылау қояды. Алайда Палестиналықтар бұл шешімді мойындаудан бас тартады. Міне сол кезден бастап соғыс оты тұтанады.

Алғашқы араб-израиль соғысы

Бірінші араб-израиль қақтығысы 1949 жылы Израильдің жеңісімен аяқталады. Кейін Палестина жері үш бөлікке: Израиль мемлекеті, Иордан өзенінің батыс жағалауы және  Газа секторы болып бөлінеді.

Алты күндік соғыс

5 маусым 1967 жылы Израиль мен Палестина арасында алты күндік соғыс өтті. Бұл жолы да Израиль жеңіп, Палестинаның басым бөлігін өзіне бағындырды.

Айта кетелік, Газадағы Хамас басқаратын денсаулық сақтау министрлігі соңғы 13 айда 43,300-ден астам адам қайтыс болды деп хабарлады. Бомбаланған ғимараттардың қирандыларының астында тағы да көптеген мәйіттер қалған деп болжануда.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату