8 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 10:36-да (Гринвич уақыты бойынша 05:36) Қытай мен Қазақстанның шекаралас аймағында жер сілкінген.
Жер сілкінісінің эпицентрінің координаттары: солтүстік ендік 42.32 градус, шығыс бойлық 80.48 градус. Жер сілкінісінің магнитудасы mb=4.2, энергетикалық класы K=9.2.