Шараға ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов және ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы, генерал-полковник Андрей Сердюков қатысты.
Отырыста қатысушылар ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери-саяси жағдай туралы пікір алмасты, ынтымақтастықтың нәтижелерін және ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Ерекше назар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын бірлесіп атап өтуге дайындық мәселелеріне аударылды.