Іс-шараға ЕАТ мүше-мемлекеттердің, бақылаушы мемлекеттер мен ұйымдардың, шақырылған мемлекеттер мен жеке сектордың делегаттары қатысуда.Сонымен қатар, қазақстандық делегация Қаржылық барлау бөлімшелері басшылары кеңесінің отырысына қатысты.ҚБББК мүше елдердің қаржылық қылмыстарға қарсы күрестегі іс қимылын үйлестіреді,- деп мәлімденді.
2024 жылы Кеңес бірнеше маңызды бастамаларды жүзеге асырды:
- Аймақта ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін азайту бойынша ұсыныстар әзірленді.
- Елдер арасында ақпарат алмасу рәсімдері жақсартылды.
-Тәуекелдерді бағалау үшін халықаралық орталық құру бойынша жұмыс басталды.
- Жастарды қылмысқа тартуға қарсы күрес шаралары талқыланды.
Сонымен қатар, Кеңес ұлттық жүйелерге халықаралық стандарттарды енгізуге көмектеседі және ұйымға мүше елдерді өзара бағалау кезінде рейтингтерін жақсартуға қолдау көрсетеді.