weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

АҚШ Конгресі делегациясы Тоқаевқа Трамптың сәлемін жеткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясымен кездесті. Делегацияны Бюджет және салықтар жөніндегі комитеттің төрағасы Джейсон Смит бастап келді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

АҚШ Конгресі делегациясы Тоқаевқа Трамптың сәлемін жеткізді
Фото: Aqorda

Кездесуде Қазақстан мен АҚШ арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан–АҚШ қарым-қатынастарының жоғары деңгейде екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, бұған екі ел басшылары арасындағы сенімді әрі тұрақты диалог ықпал етіп отыр.

Кездесудің маңыздылығына тоқталған Мемлекет басшысы оның Қазақстандағы бір палаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауынан кейін өтуінің символдық мәні бар екенін айтты. Жаңа заң шығарушы органның мақсаты – заң шығару процесінің тиімділігін арттыру.

Өз кезегінде Джейсон Смит АҚШ Президенті Дональд Трамптың сәлемін жеткізді. Сонымен қатар ол Трамптың Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне күтіп отырғанын айтты.

Америкалық конгрессмен АҚШ-тың Қазақстанмен экономикалық байланыстарды кеңейтуге және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сапар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге серпін беретініне сенім білдірді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→