Report агенттігінің India Express басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, сел тасқындары салдарынан аталған өңірлердегі көптеген үйлерді су басып, жергілікті инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келген.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына жедел әрекет ету күштері, полиция және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылған. Қаза тапқандардың арасында әйелдер мен балалар да бар.
Лоуэр-Мурр ауданында көшкін салдарынан үйі қирап, бір отбасының алты мүшесі із-түзсіз жоғалып кеткен.
Өзен жағасында орналасқан Белла-Колони ауданында тұратын жүздеген отбасы үйлерін су басуына байланысты қауіпсіз жерлерге эвакуацияланды.