Осылайша, 2023 жылдың қарашасында Eurasian Resources тобы I Халықаралық «КАЗСОДЕРЖАНИЕ 2.0» форумы аясында телекөпір арқылы арнайы кокс өндіретін зауыттың технологиялық іске қосылуын жүзеге асырды.
Арнайы кокс – ферроқорытпа өндірісінде қолданылатын көміртекті тотықсыздандырғыш.
Мәліметтер бойынша, зауыт Қарағанды облысындағы «Шұбаркөл Көмір» АҚ көмір кәсіпорны аумағында орналасқан. Оның қуаттылығы жылына шамамен 400 мың тонна құрайды. Жобаға 137 млн долл. көлемінде инвестиция салынған.
Өткен жылдың тамыз айында кәсіпорын аумағында іске қосу-реттеу жұмыстары басталып, технология 2023 жылдың тамызынан 2024 жылдың тамызына дейін сынақтан өтті. Биыл тамыз-қыркүйек айлары аралығында мердігермен бірлесіп зауыттың қабылдау сынақтары жүргізілді. Мәселен, биыл 261,2 мың тонна арнайы кокс өндірілді. Жыл соңына дейін жобалық қуатына шығу күтілуде,- деп мәлімдеді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.