weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қызылордада санитарлық-техникалық бұйымдар шығаратын зауыт салу жоспарлануда

Қызылорда облысында санитарлық-техникалық бұйымдар шығаратын жаңа өндіріс іске қосылуы мүмкін. Өңір әкімі Мұрат Ергешбаев «Roca Group» компаниясының басшысы Даниэль Эрнандеспен кездесіп, зауыт құрылысы мен өндірістік жобаларды талқылады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Қызылордада санитарлық-техникалық бұйымдар шығаратын зауыт салу жоспарлануда

Кездесуде смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыру желісін жыл соңына дейін іске қосу мәселесі көтерілді. Қазіргі таңда өндірістік цехты орналастыру үшін «Панабек» және «Көлік құрылыс компаниясы» серіктестіктерінің ғимараттары ұсынылған.

Сонымен қатар «Панабек» компаниясы санитарлық-техникалық бұйымдар өндірісіне қажетті металл инсталляцияларын әзірлеп, оларды «Roca Group» өкілдеріне таныстырды. Өнімдер компания талаптарына сәйкес келген жағдайда, жергілікті кәсіпкерлермен әріптестік орнату жоспарланып отыр.

Жоба аясында жергілікті қамтуды арттыруға ерекше мән берілмек. Өңірдегі әлеуметтік нысандар мен Президент саябағы аумағында салынатын бес және үш жұлдызды қонақүйлерде компания өнімдерін пайдалану көзделген.

Айта кетейік, бұған дейін облысқа жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыру желісін жыл соңына дейін іске қосу жоспарланғанын айтқан болатын.

Облыс әкімдігі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға және компанияға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→