weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мәскеу облысында химия зауытында жарылыс болды

Мәскеу облысындағы Краснозаводск қаласында химия зауытының аумағында бірнеше жарылыс болды. Оқиғадан кейін кәсіпорын ғимараттарының бірінде өрт шыққан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жарылыстардан үйлердің өзі дірілдеген.Бұл туралы Newsroom.kz МСК ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Мәскеу облысында химия зауытында жарылыс болды
Фото: Видео үзіндіден

Алдын ала мәлімет бойынша, зауыттағы ғимараттардың бірі ішінара қираған. Оқиға орнына жедел қызметтер жұмылдырылып, адамдар эвакуацияланған.

Оперативтік қызметтердің мәліметінше, кәсіпорын аумағынан 40 адам шығарылған. Тағы төрт адамның тағдыры анықталып жатыр.

Бұған дейін кейбір ресейлік БАҚ жеті адам қаза болғанын хабарлаған. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Қазіргі уақытта құтқарушылар өртті сөндіріп, оқиғаның себептерін анықтап жатыр.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер