Концерттік шаралар
Әр қалада, алаңдарда жаңа жыл күні тегін мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Жаңа жылды танымайтын адамдармен бірге қарсы аламын десеңіз бұл таптырмас мүмкіндік.
Отшашу тамашалау
Жаңа жылды отшашумен қарсы алу дәстүрге айналғалы көп болды. Үлкен қалаларда бірнеше орында мерекелік отшашулар атылады. Тұрғындардың өзі де сатып алып, отбасымен атып жатады. Дегенмен қауіпсіздік ережелерін ұмытпаңыз. Бір уақытта бірнеше отшашуды тамашалаймын десеңіз қаланың ашық немесе биік жеріне барған жөн.
Коньки тебу, шанамен сырғанау
Үлкен қалаларда әр қыста тұрғындарға деп уақытша мұзайдындар ашылады. Каладағы көлдер мен өзендер қатып, сырғанайтын алаңға айналып шыға келеді. Мысалы, Астанада тұрғындар жыл сайын Есіл өзеніне барып коньки тебеді, шанамен, тюбпен сырғанайды.
Ал Алматының бірнеше ауданында тегін мұзайдындар жұмыс істейді. Жаңа жылды Республика сарайының алдындағы Абай алаңында, Президент паркіндегі мұзайдында коньки теуіп қарсы алуға болады.
Жаңа жылдық фильмдер көру
Жаңа жылда отбасыңызбен "Үйде жалғыз қалғанда", "Хәрри Поттер" фильмдерінен бөлек, Рождествоны ұрлап кеткен Гринчті, "Поляр экспресін", "Клаус" мультфильмдерін көруді ұсынамыз. Достарыңызбен немесе жалғыз "Бриджит Джонс күнделігі", "Интуиция", "Шынайы махаббат", "Демалыс алмасу", "Екеудік рождествосы" фильмдерін тамашалай аласыз. Тізімге өзіңіз қарауға уақыт таппай жүрген фильмдерді де қосыңыз.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар жаңа жылда неше күн демалатынын хабарлаған едік.