Бұл отбасыға арналған туынды адамгершілік, кәсіби шеберлік
және өмірде орын алатын күтпеген оқиғалар жайлы сыр шертеді. Ол
көрермендерді терең сезім, әсерлі әзіл және өмірлік философияға
толы ерекше әлемге жетелейді.
Картина сюжеті Алматыдағы
ауруханалардың бірінде өрбиді. Онда білікті дәрігер Николай
Анатольевич Грачевтің 70 жылдық мерейтойы тойланбақ. Туған күн
салтанатты түрде басталғанымен, оқиға күтпеген арнаға түсіп,
адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынастарды ашады.
Көрермендер үшін «Бізге дәрігер керек» фильмі тек оқиға желісін
ғана емес, сонымен қатар дәрігерлердің адал еңбегін, өмірлік
құндылықтар мен үмітке толы терең эмоцияларды жеткізеді. Аталмыш
фильм «Еуразия» кинофестивалінің айрықша туындысы болмақ.
«Бұл музыкалық комедия бродвейлік стильдегі мюзикл
жанрында түсірілген. Біз тек ән айтумен шектелмейміз. Әрбір ән
сюжеттің өрбуіне үлес қосады. Осындай фильмді Қазақстанда
бұрын-соңды көрген емеспін», – дейді фильм режиссері Равиль
Трумов.