Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

“Еуразия” кинофестиваліне түрік режиссері Нури Бильге Джейлан келеді

Нури Бильге Джейлан «Еуразия» кинофестивалінің Халықаралық байқауы қазылар алқасына төрағалық етеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз конференциясында мәлімденді,-деп хабарлайды newsroom.kz

“Еуразия” кинофестиваліне түрік режиссері Нури Бильге Джейлан келеді
Фото: ҚазАқпарат

Түркияның атақты режиссері Джейлан Канн кинофестивалінде бірнеше рет жоғары марапаттарға ие болған. Оның «Қысқы ұйқы» атты фильмі 2014 жылы фестивальдің ең жоғары жүлдесі – «Алтын пальма бұтағы» жүлдесін жеңіп алды. Бұдан бөлек, оның «Бірде Анатолияда» фильмдері қазылар алқасының бас жүлдесін иеленсе, 2008 жылы «Үш маймыл» туындысы үшін «Үздік режиссер» атағын алды.

«Нури Бильге Джейлан – әлемдік кинематографияның мойындалған шебері, Түркияның беделді режиссерлерінің бірі. Оның туындылары әлемнің ең ірі кинофестивальдерін бағындырды. 2024 жылы Джейлан «Еуразия» кинофестивалінің халықаралық байқауының қазылар алқасына төрағалық етеді», – деп атап өтті Диана Әшімова.

Сонымен қатар, Нури Бильге Джейланның шығармалары басқа да беделді кинофестивальдерде жоғары бағаланды. Оның 2000 жылы түсірілген «Мамыр бұлттары» фильмі Еуропалық кино академияның ФИПРЕССИ сыйлығына ие болды.