weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
2 наурыз, 2025 / Перизат Ілес / Мәдениет
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Инклюзивтік кино: Астанада режиссер Әзиз Зайыровты еске алу кеші өтті

Астана қаласындағы OzgeEpic креативті хабында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен белгілі отандық режиссер, «Шексіз мүмкіндіктер» трилогиясы авторларының бірі әрі продюсері Әзиз Заировты еске алу кеші өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Инклюзивтік кино: Астанада режиссер Әзиз Зайыровты еске алу кеші өтті
Фото: gov.kz

Аталған трилогияға «Болу ма, жоқ па?», «Қыз бен теңіз» және «Анашым, мен тірімін!» атты әлеуметтік драмалары енген.

Әзиз Зайровты еске алуға режиссердің достары мен жақындары, оның шығармашылымен таныс барша қауым, сондай-ақ танымал трилогияның түсірілім тобы келді.

Айта кетелік, Әзиз Заиров 2014 жылы «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы бойынша жұмысты Мұхамет Мамырбековпен бірге «Болу ма, жоқ па?» фильмінен бастаған. 2019 жылы трилогияның екінші бөлімі – «Қыз бен теңіз» көрерменге жол тартты. Ал соңғы бөлімі «Анашым, мен тірімін!» фильмі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсіріліп, 2024 жылы жарық көрді. Сол жылы Әзиз Заиров өмірден өтті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→