Шатыры жартылай опырылып, өрт болған жекеменшік екі қабатты үйде екі отбасы тұрған. Астана әкімдігі оларға қажетті көмек көрсетеді. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Құрбан болған зардап шеккен отбасыға психологиялық көмек беріледі. Оларға материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Құрбан болмаған екінші отбасы уақытша баспанаға орналастырылды. Әкімдік қызметкерлері отбасыларымен тұрақты байланыста, барлық қажетті көмек көрсетіледі,- делінген хабарламада.
Айта кетелік, бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, соның салдарынан төрт бала мерт болды.
“Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін 6 минутта жеткенде ашық жанып жатқанын байқаған. Өрт 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза болды” деп жазылған хабарламада.