Елордада Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында Қазақстан-Қытай туристік бизнес диалогы өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz
«Екіжақты визасыз режим нәтижесінде Қытайдан келетін қонақтардың саны 20 есе өсіп, 367 мыңға жетті. Ал биылғы 10 айда қытайлық туристердің саны жарты миллионнан асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға көп. Осылайша, Қытай Қазақстанға келетін туристер саны бойынша ТОП-5 елдің қатарына кіріп отыр», – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Мәліметтер бойынша, әуе қатынастары да ұлғайған. Қазір Қазақстан мен Қытай арасында 42 тұрақты тікелей және 7 чартерлік рейс орындалады.