Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Жаттығу сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін өтеді

Фото: gov.kz

9 қарашада Астанада терроризмге қарсы жаттығу өтеді. Бұл туралы елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды newsroom.kz

Жаттығу сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін өтеді.

"9 қарашада сағат 07:00-ден 14:00-ге дейін Астана қаласы аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб, оның ішінде ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық жағдайында (Абайдың 150 жылдығы көшесі, 22/3 үй) терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізу жоспарланып отыр. Іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл ден қою жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын тексеру", - деп жазылған штаб хабарламасында.

Сондай-ақ, штаб өкілдері шектеу шараларын, қаланың әртүрлі ауданында жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына шектеу енгізу қарастырылғанын ескертті.

Елорда тұрғындары мен қонақтары өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырылды

Жүктелуде...