Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ішкі мемлекеттік қарыз көлемі 4,6 трлн теңгеге жетті

Қазақстанда мемлекеттік қарызды өтеу мен оған қызмет көрсету шығындары бюджет шығыстарының төрттен бір бөлігін құрады

Ішкі мемлекеттік қарыз көлемі 4,6 трлн теңгеге жетті
Baigenews.kz

Қазақстан Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ведомство тартқан ішкі мемлекеттік қарыз көлемі 4,6 трлн теңгеге жетті, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға көп,- деп жазды Tengenomika  телеграм каналы. Сонымен қатар, қыркүйек айында орташа мөлшерлемесі 13,32% болған 203 млрд теңге ішкі қарыз тартылды.

Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында республикалық бюджет мәліметтері бойынша, қарызды өтеу және оған қызмет көрсетуге 4,12 трлн теңге жұмсалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,3%-ға және 2022 жылмен салыстырғанда 69%-ға жоғары.

Қыркүйек айында Қаржы министрлігі шығарған облигацияларға сұраныс әдеттегідей ұсыныс көлемінен әлдеқайда асып түсті. Атап айтқанда, 567 млрд теңге сұраныс болғанымен, орналастыру 203 млрд теңгені құрап, сұраныстан 2,8 есе аз болды.

Егер 2019 жылы, пандемияға дейін, мемлекеттік қарызды өтеу және оған қызмет көрсету шығындарының жалпы бюджет шығыстарындағы үлесі небәрі 15%-ды құраса, биыл бұл көрсеткіш 25%-ға, яғни барлық шығыстардың төрттен бір бөлігіне дейін өсті. Қазіргі уақытта бюджет қаражатының 90%-ы ағымдағы шығындарға бағытталғанын және кірістердің шикізат секторына және Ұлттық қор трансферттеріне тәуелді.