Шығындарға мыналар кіреді:
- депутаттар мен қызметкерлердің еңбекақысы
- комитеттер, комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін қаржыландыру
- іссапар шығындары (өңірлерге сапар, халықаралық кездесулер)
- ғимараттарды, көлікті, күзет пен байланыс жүйесін, IT инфрақұрылымды күтіп-ұстау
- стенограмма шығару, аударма және заң жобаларын жариялау шығындары.
Сенатта – 50 депутат және 200–250 қызметкер, Мәжілісте – 98 депутат және 300–400 қызметкер бар. Шығын көлемін есептегенде депутаттарға жұмсалатын орташа қаражатқа сүйенеміз.
2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджетте Парламентті қамтамасыз етуге 2021 жылы 13,7 млрд теңге бөлінген. Бұл бір депутатқа шаққанда – шамамен 92,9 млн теңге. Сенаттың өзіне – 4,6 млрд теңге қарастырылған.
2022 жылы жоспарланғаннан 50% артық шығындалып, жалпы сома 17,2 млрд теңгеге жетті. Бір депутатқа – 116,8 млн теңге, ал Сенатқа – 5,8 млрд теңге.
2023 жылы шығын екі еседен астам өсіп, 27,1 млрд теңгені құрады. Орта есеппен бір депутатқа – 183,4 млн теңге, Сенатқа – 9,1 млрд теңге тиді.
2024 жылы да шығын шамамен осы деңгейде қалды – 27,4 млрд теңге. Бір депутатқа – 185,3 млн теңге, Сенатқа – 9,2 млрд теңге.
2025 жылы сома аздап қысқарып, 26,3 млрд теңге болды. Депутатқа шаққанда – 178,3 млн теңге, Сенатқа – 8,9 млрд теңге.
2026–2028 жылдарға арналған жобада шығын тағы қысқарады деп күтілуде:
- 2026 жылы – 24 млрд теңге (бір депутатқа – 162,2 млн, Сенатқа – 8,1 млрд)
- 2027 жылы – 24,0 млрд теңге (162,5 млн, Сенатқа – 8,1 млрд)
- 2028 жылы – 24,0 млрд теңге (162,5 млн, Сенатқа – 8,1 млрд).
Егер 2027 жылы референдумда бірпалаталы парламент құру туралы шешім қабылданса және Мәжілістегі депутаттар саны өзгермесе, қазынадан 8 млрд теңгеден астам қаржыны үнемдеуге болады. Бұл қаржыны, мысалы, әуе тасымалдарын субсидиялауға бағыттау мүмкіндігі бар.
Жыл сайын бір депутатқа кететін орташа шығын:
- 2021 – 92,9 млн тг
- 2022 – 116,8 млн тг
- 2023 – 183,4 млн тг
- 2024 – 185,3 млн тг
- 2025 – 178,3 млн тг
- 2026 – 162,2 млн тг
- 2027 – 162,5 млн тг
- 2028 – 162,5 млн тг
Еске сала кетейік, күні кеше ел Президенті Қазақстан халқына жолдауына Сенатты жойып, Парламетті бірпалаталы етуді ұсынды.